Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары

 
Қазақстан Республикасы
010000, Астана қ.
Мәңгілік ел, 11/1 көшесі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "ҚОҚ АТО" ШЖҚ РМК
 

Қазақстан Республикасы аумағында тіршілік ететін балық түрлерінің жалпы тізімі

Қазақстан Республикасы аумағында мекендейтін жануарлар түрлерінің жалпы тізімі

Қазақстан Республикасы аумағында мекендейтін құстар түрлерінің жалпы тізімі

Қазақстан Республикасы аумағында өсетін өсімдіктер түрлерінің жалпы тізімі

Общий перечень видов рыб, обитающих на территории Республики Казахстан Общий перечень видов животных, обитающих на территории Республики Казахстан  Общий перечень видов птиц, обитающих на территории Республики Казахстан Перечень видов растений, произрастающих на территории Республики Казахстан
 

Жаңалықтар


01.02.2021 11:30:01

Қазақстанның су саласында қалыптасқан жағдай, оның проблемалары мен одан әрі даму трендтері туралы – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен сұхбат

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің сұхбатына сілтеме: https://egemen.kz/article/262355-su-salasyndaghy-diplomatiyanynh-manhyzy-zor


25.11.2020 10:52:50

25 мыңға жуық қазақстандық Экология министрлігіне өңірлерде экологияны жақсарту шараларын әзірлеуге көмектесті

Ақпарат көзі – www.gov.kz

Қазақстанның Экология министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев сейсенбі күні Үкімет отырысында республиканың эко-белсенділерімен бірлесіп әзірленген өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі жол карталарын таныстырды.

Экология министрлігінің басшысы қоршаған ортаны жақсарту бойынша маңызды шараларды қарастыратын Экологиялық кодекстің жобасы Мәжіліспен мақұлданып, Сенаттың қарауына жіберілгенін еске салды.

«Жаңа экологиялық кодекстің қабылдануын күтпей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сүйене отырып, экологиялық проблемалар мен оларды жұртшылықпен, әсіресе барлық өңірлердегі экобелсенділермен шешу жолдары қаралды. Барлығы он жеті онлайн кездесу өткізілді. Жиырма бес мыңға жуық адам қатысты», – деді Министр.

Жұртшылықпен, әкімдіктермен және табиғат пайдаланушылармен бірлескен жұмыс нәтижесінде өңірлердің экологиясын жақсарту жөніндегі нақты шараларды көздейтін он жеті жол картасы әзірленді.

Мәселен, Қарағанды облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін дайындалған Жол картасында елу жеті іс-шара қарастырылған. Олардың арасында «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында қазандық және газ тазалау жабдығын қайта жаңарту, әк күйдіру цехын Теміртау қаласынан тыс шығару және Жезқазған қаласында «Қазақмыс» кәсіпорнының жаңа күкірт қышқылы цехын салуды айтуға болады. Бұл шаралар қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Теміртау қаласында өндірістік ағынды суларды тазарту торабын және Балқаш пен Жезқазғанда жаңа кәріздік тазарту кешендерін салу, «АрселорМиттал Теміртау» қалдықтарын кәдеге жарату, Жезқазғанда биоэлектростанция салу және «Дарьял-У» жерлерін қалпына келтіру жоспарланған.

Алматы қаласы бойынша Жол картасында жиырма іс-шара қарастырылған. Олардың ішінде: ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газға ауыстыру, қалаға іргелес жатқан жеке сектор аудандарын газдандыру, коммуналдық қызметтер мен қоғамдық көліктің автокөлігін сығылған табиғи газға ауыстыру, дизель отынымен қоғамдық көлікке кезең-кезеңімен тыйым салу, көгалдандыру және т.б.

Ақтөбе облысының жол картасында отыз үш іс-шара қарастырылған.

Өңірлік эко-белсенділермен барлық талқылаулар Экология министрлігі басшысының қатысуымен өтті.


02.11.2020 11:53:09

Қазақстандағы екі жаңа қорық UNESCO тізіміне қосылуы мүмкін

Ақпарат көзі – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – UNESCO-ның Қазақстандағы «Адам және биосфера» бағдарламасының ұлттық резерваттар желісі екі жаңа резерватпен толықты, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, UNESCO-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының (МАВ) Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-ші сессиясының отырысы 2020 жылдың 27 және 28 қазанында виртуалды форматта өтті.

Кездесуді өткізудің таңдалған форматы COVID-19 пандемиясына байланысты және кездесуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі елдерден таңдалды.

Сессияға Қазақстан атынан UNESCO-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитетінің (МАВ) мүшелері Роман Ященко мен Виктория Ильина, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің қызметкері Әлия Байсабаева қатысты.

«Аталмыш бағдарламаның Қазақстандық ұлттық комитеті карантин режиміне байланысты барлық қиындыққа қарамастан, UNESCO-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосу үшін 2 номинациялық дерекнама дайындады. Комитет мүшелері Алматы және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары әкімшілігі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстандағы UNESCO-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының биосфералық резерваттарының ұлттық желісі екі жаңа биосфералық резерватпен толықтырылды», делінген хабарламада.

Халықаралық деңгейде арнайы сараптамалық кеңес қазақстандық комитет ұсынған құжаттаманың «Адам және биосфера» бағдарламасының талаптарына сәйкестігіне баға беріп, UNESCO-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісінің биосфералық резерваттары ретінде Алматы және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорықтарын мақұлдау мүмкіндігі туралы шешім қабылдады.

«Бүгінгі таңда UNESCO-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының биосфералық резерваттарының Қазақстандағы ұлттық желісінде 12 резерват тіркелген. Бұл Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Осыншама биосфералық резерваттың танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударатынын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды», делінген хабарламада.

Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне әртүрлі елдердің аумағында орналасқан 24 биосфералық резерват қосылды. Соның бірі трансшекаралық қорық. Қазір Дүниежүзілік резерваттар желісіне әлемнің 129 елінің аумағында орналасқан 714 резерват кіреді.

UNESCO бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін ұлттық комитеттің қызметі туралы толығырақ мекеменің сайтынан білуге болады.


05.10.2020 11:02:25

«Көлсай көлдері» ұлттық паркі ЮНЕСКО-ың әлемдік биосфералық резерваттар тізіміне кіруі мүмкін

Дереккөз – www.gov.kz

«Көлсай көлдері» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі ЮНЕСКО-ың бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне қосылуы мүмкін.

Бұл туралы 30 қыркүйекте Экология министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен өткен «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің даму тұжырымдасының таныстырылымы барысында айтылды.

«Кеше Париждегі біздің дипломаттарымыз «Көлсай көлдерін» ЮНЕСКО бүкіләлемдік резерваттар қатарына қосу туралы өтініш бергенін хабарлаймын. Бір жыл ішінде өтінішке баға беріледі. Шамамен келер жылдың маусым айында шешім қабылданады», – деді ЮНЕСКО «Адам және биосфера» қазақстандық ұлттық комитеттің төрағасы, зоология институтының бас директоры Роман Ященко жиын барысында.

Оның сөзінше, ұлттық парк аталған тізімге кіру арқылы халықаралық дәрежеге көтеріледі. Әлемдік қауымдастық алдында экожүйені сақтауға қатысты жауапкершілік артады.

Қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде экотуризмді дамытуды қолға алмақ. Басты идея – туристер келуін қамтамасыз ете отырып, экожүйеге зиян келтірмеу.

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде экотуризмді дамытуды қолға алған инвестор жұмысын бақылайтын қоғамдық кеңес те құрылмақ.